KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Колледж түлектері үшін 29.04.2023

Колледж түлектері үшін

2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады. КТА деген жоқ Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және ТАМЫЗ айларында. Бүгін www.app.testcenter.kz сайтында негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне өтініш беру басталды. Ол 6 мамырға дейін жалғасады. Ал 7 мамыр екінші мүмкіндікке басталып, 14 мамыр аяқталады. Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз. Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз. Сіздерге тест тапсырмалар саны – 120; Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут); Жоғары балл саны – 140. Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз. ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз. Тестілеудің тест тапсырмалар саны — 60; Жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут); Жоғары балл саны — 70; Шекті деңгей балы — 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс. Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді. Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 20 минут (80 минут); Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз. Мұқият оқып, ҰБТ-ға өтініш беретін кезде қателесіп кетпеулеріңізді сұраймыз!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу