KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
 «Оқыту әдістемесі» пәнінен ПББ-ға дайындық үшін 12.04.2023

«Оқыту әдістемесі» пәнінен ПББ-ға дайындық үшін

Былтырғы үрдісті жалғастыра отырып, Сіздерге «Оқыту әдістемесі» пәнінен ПББ-ға дайындықтарыңызды одан әрі жақсарту үшін тегін онлайн кеңес берулерді ұсынамыз! Тікелей эфирлер біздің YouTube арнамызда (https://youtube.com/@user-ng2gc4xt5f ) өтеді. Эфир барысында Сіздерге аталған пән бойынша өз сұрақтарыңызды қою мүмкіндігі беріледі. Сондықтан өткізіп алмаңыздар! Онлайн кеңес берулердің осы аптадағы кестесімен таныстырып өтсек: 12 сәуір сағат 17:00-де (Астана уақытымен) қазақ тілінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Құдайбергенова Әлия Мәлікқызы; 13 сәуір сағат 16:00-де (Астана уақытымен) қазақ тілінде «НЗМ» бағалаушы эксперті, аға менеджері, техника ғылымдарының магистрі Ільясова Мирамкүл Жайшылыққызы; 15 сәуір сағат 16:00-де (Астана уақытымен) орыс тілінде Бөкетов атындағы Карағанды университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Омарова Марал Кубегеновна.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу