KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ аяқталды 04.04.2023

2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ аяқталды

2023 жылғы НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ аяқталды. Ол 10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жүргізілді. Оның қорытынды мәліметімен барлығыңызды таныстырып өтсек: Республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75% - ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 78% талапкер шекті балл жинады; Орташа көрсеткіш 70 балды құрады; Ең жоғары балл –136; ҰБТ-ға 237ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты. Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19%-ы «Математика-Физика», 19%-ы «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған. тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 85 талапкер айрылды; -тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 109 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды; -бөгде тұлғалар анықталмады. Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 30 мыңға жуық өтініш өңделді. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу