KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2022 жыл қорытындысы 30.12.2022

2022 жыл қорытындысы

Қайырлы күн, достар!

Осымен 2022 жыл да аяқталуға таяу. Санаулы уақыттан кейін еліміз 2023 жылға аяқ басады.
12 ай бойы біздің команда таңертеңнен кешке дейін Сіздерге ең маңызды, пайдалы ақпараттарды бөлісіп, үнемі байланыста болды. Осы орайда өтіп бара жатқан жылды қорытындылап кетейік.

Сонымен, 2022 жылы:

Әлеуметтік желілерде 364 пост жарияланды;
Оқырмандардың саны 90 мыңнан 160 мыңға дейін өсіп, жазбалардың қаралымы 42 млннан асты;
Direct-те 45 689 хабарламаға және пікірде 21 840 сұраққа жауап берілді;
Түлектерге арналған 5 тікелей эфир өтті.

Сондай-ақ негізгі ҰБТ-2022 кезінде Cіздермен кері байланысты арттыру үшін TikTok парақшамыз ашылды. Қазірдің өзінде ол жердегі бейнежазбалардың қаралымы 180 мыңға жуықтады.

2023 жылы да біз Сіздер үшін сапалы контент ұсынуды жалғастыратын боламыз. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Баршаңызға қуаныш, сәттілік, бақыт тілейміз! Жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу