KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-2023 ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 19.12.2022

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-2023 ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Достар, сіздерге 2023 жылғы қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізілетінін қуанышпен хабарлаймыз.
Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

1. қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
2. Жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
3. Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
4. Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.
Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу