KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
 КТ-ға дайындалуға арналған ҮЛГІЛІК ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ және ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯЛАРЫ ұсынылды 17.11.2022

КТ-ға дайындалуға арналған ҮЛГІЛІК ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ және ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯЛАРЫ ұсынылды

Сіздерге біздің ресми сайтымызда КТ-ға дайындалуға арналған ҮЛГІЛІК ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ және ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯЛАРЫ ұсынылғанын айта кетейік. Олармен танысу үшін келесі іс-әрекеттерді орындасаңыз болады: 1. Testcenter.kz сайтына кіру; 2.«Магистратураға түсушілерге» бөліміне өту; 3.«Тестілеуге дайындық блогын» таңдау. Ары қарай шет тілі, ОДАТ және бейіндік пәндер бойынша дайындықтарыңызды жетілдіруге арналған ақпаратпен таныса аласыздыр. Естеріңізге саламыз, магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі testcenter.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланған. Сіздерге грант конкурсына құжаттарды тапсыру уақытында дұрыс таңдау жасау үшін, мұқият болып, тізімнен гранттардың қай жоғары оқу орындарында орналастырылатынын қарап шығуға кеңес береміз. ‼️МАҢЫЗДЫ: КТ-ға өтініштерді қабылдау ЕРТЕҢ (18 қараша) аяқталады. Өткізіп алмаңыздар!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу