KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА СУРЕТ  БАЙҚАУЫ ӨТТІ 22.10.2022

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Ұлттық мереке – Республика күніне орай Ұлттық тестілеу орталығында қызметшілердің балалары арасында сурет байқауы өткізілді. Оған 2 жастан 13 жасқа дейінгі 21 бала қатысты. Барлық сурет көрме қабырғасына ілініп, қалауы бойынша әр адам жас суретшілердің жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қазылар алқасының мүшелері жас ерекшілігіне қарай құрылған 5 топтан жеңімпаздарды анықтады: І топ 2-3 жас аралығы, ІІ топ 4-5 жас аралығы, ІІІ топ 6-7 жас аралығы, ІV топ 8-10 жас аралығы, V топ 12-13 жас аралығы. І, ІІ, ІІІ орындарды ең көп ұпай жинаған қатысушылар иеленді. Басқа конкурсанттар «Таңғажайып сурет», «Әсерлі сурет», «Шындығы ашық сурет», «Патриоттық сурет», «Ұшқыр ой сурет», «Креативті сурет», «Романтикалық сурет» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыны құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу