KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-2023-ТЕН БАСТАП ЕНГІЗІЛЕТІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 15.09.2022

ҰБТ-2023-ТЕН БАСТАП ЕНГІЗІЛЕТІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Сонымен Сіздердің нәтижелеріңізді тиімді бағалап, нақты талдау жасау үшін тест тапсырмаларында дистракторлар (жауап нұсқалары) санын азайту туралы шешім қабылданды.
Яғни нұсқалар саны бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда 5-тен 4-ке дейін;
бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда (үш дұрыс жауаптан көп емес) 8-ден 6-ға дейін азайтылады.
Бұл өзгерісті оңынан қабылдайсыздар деген үміттеміз.
Айта кетейік, ресми жаңалықтар тек www.testcenter.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда жарияланады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу