KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2022 ЖЫЛҒЫ КВОТАЛАР МӨЛШЕРІ 14.07.2022

2022 ЖЫЛҒЫ КВОТАЛАР МӨЛШЕРІ

Жеңілдетілген санат бойынша грант конкурсына қатысушыларға арналған ақпарат!
2022 жылғы квоталар мөлшері:
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ түсушілерге (қандастар) – 4%;
кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы түсушілер үшін – 5%;
кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%.  
Жеңілдіктері бар оқуға түсушілер керек анықтамаларды құзыретті органдардан алады.
Ауыл квотасы – 35%.
Маңызды: Ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша жоо-лардың қабылдау комиссиясына жүгінсеңіз болады.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу