KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
02.12.2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы жөнінде семинар.

2021 жылғы 2-12 желтоқсан аралығында «Ustudy» 20 аймақтық тестілеу орталықтарының базасында магистратураға кешенді тестілеу мен докторантураға түсу емтихандары өткізіледі.
2021 жылғы 30 қарашада Ұлттық тестілеу орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Ерсінқызы Кенебаева мен Ұлттық тестілеу орталығының басқарма басшыларының және филиал басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы жөнінде семинар өткізілді.

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетіне жалпы мемлекеттік мәртебе берілген.

Бұл ретте, осы аталған іс-шара кезінде сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде ауқымды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, қоғамның қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны, онымен күресуге талпыну туралы біраз ақпараттар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс жасау қағидаттары маңызды рөл атқаратындығы айтылды.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу

/press-tsentr/novosti/