KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 «Бакалавр немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы»  қаулысына сәйкес «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары, оқу нысаны бойынша конкурстық негізде беріледі.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия) құрады.

 Конкурсқа өтініштер қабылдау нәтижесінде 77 225 талапкерден өтініштер келіп түсті, оның ішінде 61 907 адам қазақ тілінде, 15 077 орыс тілінде және 241 адам ағылшын тілінде (2020 жылы 62 685 үміткер (оның ішінде 48 848 адам қазақ тілінде, 13 623 орыс тілінде және 214 адам ағылшын тілінде) болды. Күндізгі бөлім бойынша – 75 323, күндізгі қысқартылған бөлім бойынша – 1902.

Талапкерлер конкурсқа 2021 жылдың 6 мамыры мен 1 шілдесі аралығында өткен ҰБТ сертификатының бірімен қатысты. Осы біріктірілген өтініштер саны бойынша  басым құқығы мен жеңілдіктері (квота) саны:

- «Алтын белгі» белгісінің иегерлері – 8313 (2020 жылы – 6962);

- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар» - 125 (2020 жылы – 163);

- Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары – 749 (2020 жылы – 76);

- Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпазы – 223 (2020 жылы – 168);

- халықаралық және республикалық орындаушылық конкурстарының соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары – 53;

- Халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңiмпаздары – 426 (2020 жылы – 237);

- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша – 82 (2020 жылы – 31);

Сондай-ақ, конкурста:

- жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар саны  - 641 (2020 жылы – 541) ;

- I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар саны -  514 (2020 жылы – 377);

- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар саны – 14466;

- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар саны – 6160;

- бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар саны – 993;

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар – 733 (2020 жылы – 1041);

- «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы бойынша конкурсқа түсетін тұлғалар саны – 22 612 –ті (2020 жылы – 17713) құрады.

Сонымен қатар, SAT сертификатының 34 иегері, сондай-ақ ACT сертификатының 6 иегері грантқа ие болды.

Нормативті-құқықтық актілерге сәйкес студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен 2021 жылғы 25 тамызға (қоса есептегенде) дейін жүзеге асырылды.

Қабылдау кезінде оқуға түсуші грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде оқуға түсуші «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алды.



/postupayushchim-v-vuz/itogi-konkursa-obrazovatelnykh-grantov/informatsiya-ob-itogakh-provedeniya-konkursa-obrazovatelnykh-grantov-2019-goda/