KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы


ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат:

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) еліміздің 51 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі - ҰБТӨП) ағымдағы жылдың 6 мамыр – 1 шілде аралығында, онлайн форматта «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. ҰБТӨП - 51, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда – 4 пункт, облыс орталықтарында – 14 пункт, моноқалаларда – 4 пункт, аудан орталықтарында – 29 пункт.

ҰБТ-ға қатысуға барлығы 285 164 адам, оның ішінде  216 643 (76%) қазақ тілінде,  67 801 (23,7%) орыс тілінде, 720 (0,3%)  – ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берді.

ҰБТ-ға өтініш берген тапсырушылардың жалпы санының 94%, яғни 267 731-і қатысты (2018 жылы – 96,3%, 2019 жылы – 94,2%, 2020 жылы - 92%), оның ішінде 205 273 (76,6%) – қазақ тілінде, 61 864 (23,1%) – орыс тілінде, 594 (0,22%) – ағылшын тілінде.

SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.

 SAT (САТ) балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылды.

Жалпы саны 116 түсушіден (SAT (САТ) – 107, ACT (ЭйСиТи) - 9) халықаралық стандартталған сертификаттарын ҰБТ балдарына ауыстыру туралы өтініш түсті.

Тексеріс нәтижесінде 104 түсушінің сертификаты ҰБТ балына ауыстырылды (SAT (САТ) – 96, ACT (ЭйСиТи) - 8).

Түсушілер тестілеуге өтінішті https://app.testcenter.kz/auth ҰТО сайты арқылы онлайн режимде берді.

Колледж түлектеріне  ЖОО-ға қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты талап етілмейді.



/postupayushchim-v-vuz/ent-dlya-vypusknikov-kolledzhey/informatsiya-ob-itogakh-edinogo-natsionalnogo-testirovaniya-provedennogo-v-iyune-iyule-2019-goda/