KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

абдрасилов.jpg

АБДРАСИЛОВ
Болатбек  Серікбайұлы

Ғылыми дәрежесі мен атақтары:

·    1986 ж. - физика-математика ғылымдарының кандидаты;

·    1997 ж. - биология ғылымдарының докторы;

·    1998 ж. - Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі;

·    2005 ж. - Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;

·    2009 ж. - Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;

·    2020 ж. - ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі:

09.1979-09.1980

Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика кафедрасының оқытушысы

09.1980-09.1982

СССР ҒА Биологиялық физика институтының стажер-зерттеушісі, Пущино қаласы, Мәскеу облысы

12.1982-01.1986

СССР ҒА Биологиялық физика институтының аспиранты, Пущино қаласы, Мәскеу облысы

03.1986-11.1991

Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті

11.1991-09.1994

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының деканы, проректор

09.1994-12.1996

Ресей ғылыми академиясы Биофизика институтының аға ғылыми қызметкері, Пущино қаласы, Мәскеу облысы

12.1996-04.1998

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры

04.1998-03.2000

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, кафедра профессоры

03.2000-01.2001

Мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры

 01.2001-08.2001

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мониторинг және бақылау департаменті директорының орынбасары

08.2001-11.2004

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры

11.2004-02.2007

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы

02.2007- 09.2010

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы

09.2010-02.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

02.2012-07.2016

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару академиясының ректоры

11.2016-03.2017

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі

03.2017-06.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы

06.2018-03.2021

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Президенті

03.2021-02.2024

Қарағанды индустриялық университетінің ректоры

02.2024 ж-қазіргі уақытқа дейін

Ұлттық тестілеу орталығының  директоры

Марапаттары: «Құрмет» орденімен (2005 ж.), мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, биофизика саласындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін Нобель сыйлығының лауреаты П. Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының алтын медалімен марапатталды.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері. Австралия, Ресей, Нидерланды, Оңтүстік Корея және т.б. жетекші журналдарда 60 – тан астам ғылыми жұмыстар жарияланған. Хирш индексі – 4.




БАЙЖАНОВ НУРСЕЙТ АБСАТТАРОВИЧ

БАЙЖАНОВ
НУРСЕЙТ  АБСАТТАРОВИЧ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бірінші орынбасары

Байжанов Нурсейт Абсаттарович 1975 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, 2006 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Тюмень заң институтын, 2010 жылы КазГЮУ, 2015 жылы «Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша АҚШ Аризона университетін, экономист, заңгер мамандықтары бойынша магистратура/докторантура бітірген.

2016-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде қызмет атқарды.

2023 жыдан бастап «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының бірінші орынбасары лауазымында.

Заң ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының докторы, құқық докторы.




ДИДАРБЕКОВА НАУЖАН АБДИСАТАРОВНА

ДИДАРБЕКОВА
НАУЖАН  АБДИСАТАРОВНА

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

Дидарбекова Наужан Абдисатаровна 1983 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген. 2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде қызмет атқарды.

Филология ғылымдарының кандидаты.




НИЯЗОВ ТАЛГАТ ЖАКСЫБАЕВИЧ

НИЯЗОВ
ТАЛГАТ  ЖАКСЫБАЕВИЧ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары

Ниязов Талгат Жаксыбаевич 1971 жылы 8 қарашада дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1994 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Математика және есептеу техникасы», 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң академиясының құқықтанушы мамандықтары бойынша білім алған.

2008-2024 жылдар аралығында Қазақстандық жоғары оқу орындарында жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.

2024 жыдан бастап «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары лауазымында.

Экономика ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы.