8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ҰБТ нәтижелері
Сұрақ-жауапТалапкерлерді кешенді тестілеуден (ТКТ) өткізу туралы

Кешенді тестілеуден (КТ) өткізу туралы

Кешенді тестілеу деген не және оған кім қатыса алады?

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі қандай?

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 1 – 20 маусым аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді, шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекен-жай бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеуде қандай пәндер бойынша өткізіледі?

Кешенді тестілеу 5 пән бойынша жүргізіледі.

1 бөлім - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы.

2 бөлім -  Таңдаған мамандығы бойынша 2 бейінді пән  (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сәйкестік топтамасы, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің және Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің сәйкестік топтамасы).

Әрбір бес жауаптан бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – 1 балмен, көптеген ұсынылған дұрыс жауаптардан бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бары 2 балмен бағаланады.  Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеу екі пән бойынша жүргізіледі - 1. Жалпы бейіндік. 2.Бейіндік пән.


Егер талапкер ауырып қалса немесе отбасылық жағдайына байланысты кешенді тестілеуге мезгілді күні қатыса алмаса, онда ол басқа күні тестілеуден өте ала ма?

Дәлелді себеппен мезгілді уақытта қатыса алмағандар тестілеудің қалған күннің біреуінде қатыса алады, бірақ егер базалық ЖОО-ның басқа лектері бар болса ғана. Ол үшін растайтын құжаттарды көрсету керек. Мемлекеттік комиссия Министрлік өкілдерімен бірлесе отырып, әрбір жағдайды жеке-жеке қарастырады. 

Талапкер жауап парағындағы дөңгелекшені бояу барысында қате жіберді, ал кітапшасында дұрыс жауап белгіленген, тестілеу нәтижесін бағалау барысында ол жауап ескеріледі ме?
Жауап парағы - жауаптар сканерде оқылатын негізгі және соңғы құжат болып табылады. Сондықтан, дұрыс жауаптарды кітапшадан жауап парағына көшіру барысында талапкер аса мұқият болу қажет.
Талапкер кешенді тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда не істеуі қажет?

Өткізу ережесіне сәйкес, егер талапкер алған балдарымен келіспеген жағдайда немесе тест тапсырмаларының сапасы бойынша ескертулері болса, әрбір кешенді тестілеуді өткізу пункттерінде орналасқан апелляциялық комиссияға кешенді тестілеудің нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін өтініш бере алады және өтініштер бір тәуліктік күн ішінде қарастырылады.  Өтінішті тестіленуші өзі ғана береді және нақты пән мен сұрақ көрсетіледі. Апелляция негізделген болуы керек!

Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұқсас мамандықтарына түсушілерге кешенді тестілеу қалай өткізіледі?

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеуді  түсушілердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөліктен тапсырады:

1 бөлік – жалпы бейіндік пән, 2 бөлік – бейіндік пән.

Басқа мамандықтарға тапсыратын (мәндес емес мамандықтарға) колледж бітірушілері жалпы негіздегі КТ-ға қатысады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу қандай пәндер бойынша өткізіледі?

Жалпы бейіндік пән және бейіндік пән көрсетілген мамандықтар тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

КТ (ТжКББ) пәндер тізбесінің жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан:

сілтеме

Басқа мамандықтарға тапсыратын (мәндес емес мамандықтарға) колледж бітірушілері жалпы негіздегі КТ пәндері бойынша тапсырады.

Ұқсас мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша тек ұқсас мамандықтарды таңдағанда оқуға түсе алады, яғни Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім кәсібі мен мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесіне кіретін мамандықтар (2010 жылғы 21 маусымдағы № 316 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім кәсібі мен мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесін бекіту туралы» бұйрығы, 2016 жылғы 4 тамыздағы № 489 бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен). Бұл құжат интернетте жалпыға бірдей қолжетімді.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?
Кешенді тестілеуге 3 сағат 50 минут бөлінеді. Барлығы 120 тест тапсырмасынан тұрады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеуге 1 сағат 40 минут беріледі. Барлығы 60 тест тапсырмасынан тұрады.
КТ тесті (ТжКББ үшін) 60 тест тапсырмасынан тұратын болады: яғни жалпы бөлім – 20 тапсырма, мамандық бойынша – 40 тапсырма.
Тесттің құрамы.
Жалпы бейіндік пән бойынша:
- бір дұрыс жауабы бар 20 тапсырма
Бейіндік пән бойынша: 
- бір дұрыс жауабы бар 20 тапсырма, 
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма, 
- бір дұрыс жауабы таңдалатын 10 жағдаяттық тапсырма (2 жағдаятта 5 тапсырмадан)
Жалпы тестілеу уақыты – 1 сағ 40 минут (100 минут).

Кешенді тестілеу (ТжКББ) бойынша тапсырмалар қалай бағаланады және шекті деңгей қандай?

Бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін - 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл алады.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырма мынадай жолмен бағаланады: 

- дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, 

- бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл,

- екі немесе одан да көп қатеге 0 балл. 

Жоғары балл – 70, шекті деңгей – 35.

Жағдаяттық тапсырмалар деген қандай тапсырмалар?
Жағдаяттық тапсырмаларда әр жағдаятқа 5 тапсырма беріледі. Жағдаят мәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін.  Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін жағдаятпен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап жағдаяттағы мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.

Сұрақ қою

Суреттегі таңбаларды енгізіңіз*


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ