8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын  біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысушылар:

  • жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген мектеп бітірушілер;
  • жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер;
  • үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері.

ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығында ҰБТ-ны өткізу технологиясы, нұсқамалықтар және бағдарламалар өңделеді. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік комиссия құрылады. ҰБТ өткізу технологиясының сақталуын Министрлік өкілдері бақылайды.

ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25. Әр тест тапсырмасына берген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

 

Нормативтік сілтемелер:

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары;

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық.

 


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ