8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Бiз туралыҒылыми-әдістемелік жұмыстарТест тапсырмаларының базасы

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ БАЗАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Тест тапсырмаларының базасы бұл – байқау сынағының сұрақ кітапшаларында, оқу-әдістемелік құралдарында, емтихан, мониторингтерде қолданылған немесе қолданылатын бірнеше сараптамадан және апробациядан өткізілген тест тапсырмаларының жиынтығы. Ұлттық тестілеу орталығы тест тапсырмаларын базаға өткізбес бұрын, әр түрлі емтихандарға арналған тест тапсырмаларының базасын қалыптастырумен айналысатын барлық әлемдік компанияларда қолданылатын алты негізгі кезеңдерден тұратын күрделі процесті жүзеге асырады:


Сурет – Тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру кезеңдері

Әрбір кезеңді түсіну үшін толығырақ тоқталайық.

1.ӘЗІРЛЕМЕШІЛЕР ЖӘНЕ САРАПШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ

Тест тапсырмаларының базасын қалыптастырудың бірінші қадамы әзірлемешілер мен сарапшыларды арнайы бағдарламамен оқытудан басталады, яғни әлеуетті әзірлемешілер мен сарапшыларды іріктеу жүзеге асырылады, оқуды ойдағыдай аяқтағаннан кейін тапсырмаларды әзірлеу және оларды сараптамадан өткізуге өткізу жұмыстарына қатысады. Оқуға білім басқармалары және  жоғары оқу орындарының ректорларының ұсынысымен ҚР барлық аймақтарынан біліктілігі жоғары мұғалімдер мен оқытушылар шақыртылады. Арнайы дайындықтан өткізу әр елдің педагогикалық өлшемдер саласындағы жетекші сарапшылардың өткізуімен өтетін семинар арқылы жүзеге асырылады. Оқыту бағдарламасы тест тапсырмаларын сараптамадан өткізу мен әзірлеу және оларды математикалық үлгі арқылы сапасын бағалау сұрақтары бойынша мұғалімдерді дайындауға негізделген. Курс тындаушыларын тестілеу нәтижелерін өңдеу шарасымен, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу принциптермен, тест түрлерімен, тестологияда бар тест тапсырмаларының формаларымен таныстырады. Осылайша, осы кезеңде мұғалімдер әдістемелік және техникалық талаптармен танысып, тестологияның барлық ережелеріне сай тест тапсырмаларын әзірлейді, тест тапсырмаларын сараптау мен талдау жұмыстарына қатысты бағыт-бағдар алады.

 2. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯЛАРЫН БЕКІТУ

Бұл - базаны қалыптастырудың екінші қадамы. Бірінші кезеңде тест тапсырмаларының базасын әзірлейтін әзірлемешілер дайындадық,  енді олар өздерінің білімдерін тәжірибеде  қолданып, тест тапсырмаларын әзірлеу үшін нақты бағдар беруіміз қажет. Осы мақсатта әрбір пәнге тест спецификациясы құрастырылады.

 Ең бірінші «спецификация» ұғымына тоқталайық. Бұл құжат - әзірлеу мақсаты мен міндеттері, тест құрылымы және тест жоспары, сонымен қатар тестілеу нәтижелерін өңдеу және тестілеуді өткізудің ережелерінің негізгі талаптары туралы ақпараттардан тұрады.

Спецификацияның құрылымы төмендегідей элементтерді қамтиды: тесттің атауы, әзірлеу мақсаты, міндеттері, тесттің мазмұны (тесттің құрылымы, әрбір қиындық деңгейлеріне арналған тест тапсырмаларының саны, тест тапсырмалары әзірленген тақырыптар тізбесі), тест жоспары (спецификацияда көрсетілген әр тақырып бойынша тест тапсырмаларының саны) тапсырма мазмұнының сипаттамасы, тапсырма орындалуының орташа уақыты, тапсырма формасы.

Спецификация - тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшыларының, тест нұсқаларын қалыптастыруда бағдарламашылардың ұстанатын шектеу құжаты.

Спецификация төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:

  • әзірлемешілерге тапсырманы құрастыруға нақты бағдар береді;

  • сарапшыларға тест тапсырмаларының мазмұнының пәнмен сәйкес келуін және дұрыс құрастырылмаған тапсырмаларды айқындауға мүмкіндік береді;

  • тесттің нені тексеретіні анық және нақты түсіндірілетіндіктен, тестілеудің нәтижелерін түсіндіруге көмектеседі;

  • оқушылардан (тестті қолданушыдан) тексерілетін, сұралатын білім, бейіндік, дағдылық туралы нақты түсінік береді.

Тест спецификациясы ҰТО қызметкерлеріне, мұғалімдер мен оқушыларға, әзірлемешілер мен сарапшыларға арнап әзірленеді. Осыдан шығатын қорытынды әзірлемемен айналысатын және әзірленген тест тапсырмаларымен жұмыс істейтіндер бір тест спецификациясымен жұмыс істейді.

Мектеп пәндеріне арналаған тест спецификацияларын арнайы әзірлемешілер және сарапшылар ҰТО қызметкерлерімен бірігіп құрастырады. Бұл құжат Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына сай қандай да бір өзгерістер болса ескеріле отырып әзірленеді. Әрі қарай тест спецификациялары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен келістірілгеннен кейін бекітіледі.

3. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Тест спецификациялары бекітілгеннен кейін тест тапсырмаларын әзірлеу жүзеге асырылады. Тест тапсырмалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің бекіткен оқу-әдістемелік кешендері мен оқулықтары бойынша әзірленеді. Оқулықтың қарама-қайшылық көп кездесетін бөліміне баса назар аударылады және мұндай мәліметтер тест тапсырмаларын әзірлеуде қоланылмайды.         

Әзірлемешілер тест тапсырмаларын талаптарда көрсетілген үлгі бойынша құрастырады. Тест тапсырмалары ҰТО-ның құпия режимінде әзірленеді.

4.ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН САРАПТАМАДАН ӨТКІЗУ

Тест тапсырмалары әзірленгеннен кейін сараптамадан өткізіледі. Сараптамада тест тапсырмаларының дұрыс құрылуы, оқу бағдарламасына және оқулық материалдарына сәйкес келуі қарастырылып, қорытынды есеп жазылады. Барлық әзірленген тест тапсырмаларына кемінде екі сараптама жүргізіледі.

ҰТО қызметкерлері бірінші сараптамаға дейін әзірлемешілерден тест тапсырмаларын қабылдап, тапсырмалардың формасын яғни талаптарға сай келуін қадағалап, одан кейін тест тапсырмаларын сараптамаға жібереді.

 Әрі қарай сараптаманы біліктілігі жоғары, арнайы дайындықтан өткен эксперттік комиссия мүшелері өткізеді.

Әрбір сараптамадан кейін сараптама қорытындысы бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі.

 5. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ

Түзету жұмыстарынан кейін тест тапсырмаларының нұсқасы құрастырылып оларды апробациядан өткізу жүзеге асырылады.

 «Апробация» сөзі латын тілінен аударғанда «approbation» - мақұлдау, келісу деген мағынаны білдіреді. Осы түсінікті анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар,  оның негізгісі  тест тапсырмаларының сапасын шынайы жағдайда тексеру.

Апробация Қазақстан Республикасының аймақтық мектептерінде өткізіледі. Мектептерді іріктеу олардың түрлеріне, орналасуына (қала, ауыл)  байланысты таңдалады. Апробацияға жыл сайын оқушылардың 10%-ы (4,9,11 сынып)  қатысады. Оқушылар үшін -  бұл жаңа тапсырмалармен танысу мүмкіндігі, ал ҰТО үшін - тест тапсырмаларының жарамдылығын, дұрыстығын «өміршеңдігін» тексеру.

Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • Апробация өткізуді ұйымдастыру, мектеп таңдау, апробация өткізу графигін құру;

  • Еліміздің аймақтық мектептерінде апробация өткізу;

  • Апробация қорытындыларын өңдеу;

  • Алынған қорытындыларды анализдеу.

Апробация қортындысы бойынша тестілеу нәтижелері статистикалық өңдеуден өткізіліп, әрбір тест тапсырмасының сапасы бағаланады. Тест тапсырмаларының сапасын бағалау математикалық үлгі негізінде әзірленген арнайы бағдарламаның көмегімен жүзеге асырылады.

Апробация кезінде оқушылардан және мұғалімдерден түскен ескертулер бойынша тест тапсырмаларына түзетулер енгізіледі. Ескертулер тест тапсырмаларының шарты түсініксіз болғанда, тест тапсырмаларын теру кезіндегі техникалық қателерден болуы мүмкін т.б.

6. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН БАЗАҒА ЕНГІЗУ

Түзету жұмыстары жүргізілгеннен кейін тест тапсырмалары келешекте ұлттық емтихандарға және мониторингтік білім беру шеңберіне қолдану үшін базаға енгізіледі.

Сондықтан да емтиханда кездесетін әрбір тест тапсырмалары нақты және еңбекті көп қажет ететін іріктеуден өтеді. 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ