8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОБ ОЖСБ-ға байқау online тестілеу арқылы дайындалу

ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) орта білім берудегі 9-сынып оқушыларына арналған онлайн байқау сынағын өткізеді. Оқушы тестілеуді екі пәннен тапсырады: 1-пән – қазақ тілі, 2-пән – ұсынылған 11 пәннің ішінен таңдау бір пәні: дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, биология, география, қазақ әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі) / орыс әдебиеті (оқыту тілі орыс тілі), ағылшын тілі.

Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында оқушы компьютерлік бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады және жұмыс жасау қабілетін қалыптастырады.

Онлайн байқау сынағы ақылы түрде өткізіледі, бір реттік тестілеу құны 260 теңге. Тестілеу ақысын ҰТО-ның реквизиттері бойынша Халық банкі немесе Казпошта, сонымен қатар «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады.

Төлемақыны төлеудің екі түрлі тәсілі бар: жеке және топтық. Жеке төлемақыда оқушы төлемді өзі жүргізеді және өзалдына тестілеу тапсыру үшін оған жеке пароль мен логин беріледі. Топтық төлемақы жүргізуде мектептің жауаптысы (мұғалім, директордың орынбасары т.с.с) барлық оқушыларға төлемді бір уақытта жүргізеді. Жауаптыға парольдер мен логин көрсетілген сілтеме жіберіледі, сол сілтеме арқылы логин мен парольді енгізіп әрбір оқушыны тіркейді.  

1 тәсіл - Төлемақы Халық банкі немесе Казпошта арқылы жүргізілген жағдайда, оқушы немесе жауапты тұлға төлегендігі туралы түбіртектің түпнұсқасын  ҰТО филиалдарына тапсырады. ҰТО филиал қызметкерлері тестіленушіні тіркеп, байқау сынағын өту үшін оларға тіркеу парағын береді.

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Әрбір тестіленушінің байқау сынағын бірнеше рет өту мүмкіндігі бар. Тестілеу нәтижесі сол сәтте шығады, еш жерде жарияланбайды және тестіленушінің бағаларына әсер етпейді.

2 тәсіл - «Касса 24» терминалы арқылы төлем жүргізу үшін тестіленуші немесе жауапты тұлға өзінің электронды поштасын көрсетеді және сол поштаға тестілеу тапсыруға арналған логин мен пароль жіберіледі.

«Касса 24» терминалы арқылы төлем жүргізу үшін:

  • «Касса 24» терминалында «Білім беру қызметтері»
  • бөлімінде «Национальный центр тестирования» түймешегін таңдайды;

  • берілген қызметтерден «ОБ ОЖСБ онлайн байқау сынағы»  қызметін таңдайды;

  • өзінің электронды поштасы мен тестілеуден өту санын енгізеді;

  • терминалда көрсетілген мөлшерде төлем жасайды;

  • тестілеу логині мен паролі төлем жасаған соң көрсетілген электронды поштаға автоматты түрде келеді.

Тестілеу логині мен паролін алғаннан кейін оқушы интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде білімін тексере алады.

3 тәсіл - Бұлардан бөлек, cabinet.testcenter.kz сілтемесі арқылы жеке кабинетке тіркеліп, ыңғайлы тәсілмен төлем жасауға болады.

Бұл үшін қажет:

  • жеке кабинетте тіркелгеннен кейін тестілеудің қажетті түрін таңдау;

  • «Сатып алу» батырмасын басып, мүмкіндіктер санын таңдау;

  • төлемдер жасау парақшасында байланыс мәліметтерін толтырып, төлем түрін таңдау (Банк картасы, Жеке касса);

Төлем жасалғаннан кейін жеке кабинетке  тестілеуге арналған құпия сөз түседі. Әрі қарай тестілеуден өтіп өтілген тестілеулердің талдау картасын көруге болады.

Онлайн байқау сынағын тапсыру 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ