8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2019 ж. (қаңтар) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОБ ОЖСБ өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылы өткізілген ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұран әрі – ОБ ОЖСБ) 9 – 24 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді. Барлығы 1406 мектеп, 118370 оқушы қатысты.

4-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен өткізілді. Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: математика және әдебиеттік оқу. 

Қатысқандар саны: 61781 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 38236, орыс тілінде – 23545. 

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 30 балдан): 19,97 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 19,90, орыс тілінде – 20,07.

9- сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі. 

Қатысқандар саны: 43731 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 26353, орыс тілінде – 15920, тәжік тілінде – 97, өзбек тілінде – 1146, ұйғыр тілінде – 215. 

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 75 балдан): 38,67 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 38,16, орыс тілінде – 40,47, тәжік тілінде – 17,85, өзбек тілінде – 27,57, ұйғыр тілінде – 35,86.

11-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді. Тестілеу 3 пән бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, алгебра және анализ бастамалары. 

Қатысқан оқушы саны: 12858 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 7940, орыс тілінде – 4732, тәжік тілінде – 21, өзбек тілінде – 137, ұйғыр тілінде - 28. 

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 100 балдан): 63,84 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 62,71, орыс тілінде – 66,97, тәжік тілінде – 29,48, өзбек тілінде – 31,58, ұйғыр тілінде – 37,71.


2016 жылы өткізілген ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы ақпарат



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ