8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеПедагог қызметкерлердіің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

Педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ары қарай – ҚР БҒМ) 2016 жылғы 27 қаңтардағы            №83 бұйрығымен бекітілген (2018 жылғы 29 маусымдағы №316 бұйрықпен өзгерістер енгізілген), Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер біліктілік тестілеуден өтеді.

Біліктілік тестілеу – білім саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ұйым ұйымдастырады және өткізеді.

Біліктілік тестілеуін жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, білім беру ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі компьютерлік тестілеу әдісі арқылы онлайн режимде өткізіледі.

№ 
р/с

Тестілеу блоктары

Тест тапсырмалар саны

Шектік деңгей

1

Қызмет бағыты

70

50%

2

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

50%

Барлығы

100

Біліктілікке тестілеуінің жалпы уақыты – екі жүз отыз минутты құрайды.

«Қызмет бағыты бойынша» - 50%, «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша - 50% дұрыс жауап алынса, тестілеу оң деп есептеледі.

Тестілеу кезінде 50% -ден кем нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог аттестатталушы адамдар бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;

3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.

Қайта тестілеу кезінде 50% -дан кем нәтиже көрсеткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

Тестілеуден табысты өткен аттестатталушы адамдар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі.

Нормативтік сілтемелер:

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (2016 ж.)


  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ