8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (қаңтар) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеҰлттық біліктілік тестілеу және педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуге дайындық үшін

Ұлттық біліктілік тестілеу және педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуге дайындық үшін

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады:

  • бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма,

  • екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.

Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

  • бір дұрыс жауабы бар 50 тапсырма,

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма,

  • екі мәнмәтінге (бір дұрыс жауабы бар) 10 тапсырма.

Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 5 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:

  • барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

  • бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,

  • екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.

Мектепке дейінгі,  бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік,  орта  білімнен кейінгі білімнің білім  беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс  істейтін педагог     қызметкерлер    мен   оларға теңестірілген   тұлғаларды   және   білім және   ғылым   саласындағы  басқа  да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Уақыт (минут)

Оқыту пәнінің мазмұны

70

50

Бір дұрыс жауапты таңдау

100

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

20

10 (2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар

20

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

60


Балдардың шектік деңгейін анықтау

Категориялар

Блок

Пәндер бойынша балдар

Біліктілік сынағынан өту

(пайызы)

Біліктілік сынағынан өту

(балы)

Педагог-модератор

Оқыту пәнінің мазмұны

80

50%

40

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9

Педагог-сарапшы

Оқыту пәнінің мазмұны

80

60%

48

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9

Педагог-зерттеуші

Оқыту пәнінің мазмұны

80

70%

56

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9

Педагог-шебер

Оқыту пәнінің мазмұны

80

80%

64

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9


«Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар қолданады.

 «Педагогика, оқыту әдістемесі» тақырыптары: 

Тақырып

Тақырыпша

1.

 Тәрбие әдістемесі

1.

  Тәрбие үдерісінің ұстанымдары. Тәрбие үдерісінің негізгі бағыттары.

2.

  Тәрбие әдістері

2.

 Оқыту үдерісі

1.

  Оқыту үдерісінің ұстанымдары

2.

  Оқытудың әдістері мен формасы

3.

 Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару

1.

  Сабаққа даярлық, педагогикалық талдау және оқу үдерісінің   рефлексиясы

2.

  Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті

4.

 Оқыту мен сабақ берудегі жаңа амал тәсілдер

1.

  Когнитивті даму мен тиімді сабақ беру

2.

  Қалай оқу керектігін оқыту. Метатаным. Естің түрлері.

3.

  Сыныптағы диалогтың маңызы. Әңгіме түрлері. Сұрақ қою.

4.

  Оқытудағы АҚТ. Сабақ беруді жоспарлауда оқыту мен сабақ берудегі   жаңа амал тәсілдерді есепке алу.

5.

 Сыни ойлауға үйрету

1.

  Сыни ойлауды дамыту

6.

 Оқу жетістіктерін бағалау

1.

 Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Кері байланыс

7.

 Талантты және дарынды балаларды оқыту

1.

  Талантты және дарынды балаларды оқытудың стратегиясы,   ұстанымдары мен амал тәсілдері

8.

 Тәжірибені зерттеу

1.

  Сабақты зерттеу және тәжірибені зерттеудің амал тәсілдері мен   стратегиясы


«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.      «Общая педагогика»в 2-х томах.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н./ Москва: Академия,2003 г.

2.       «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

3.      «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» (оқу-әдістемелік құрал) – О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.

4.      «Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» (оқу-әдістемелік құрал) О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

5.       «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.

6.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.

7.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.

Жаттығу тесттері

ҰБТ және ПҚБТ жаттығу тесттері

Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағын тапсыру




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ