8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (негізгі) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру

Жаңалықтар

Тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі бойынша оқыту семинары

2019 жылғы 4-8 ақпан аралығында Тараз қаласында мұғалімдерге арналған «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негізі» атты оқыту семинары өткізіледі. Семинар модераторлары Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлері болып табылады.

Тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесіне арналған семинар екі тілде жүргізіледі. Семинар өлшем құралдарының теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістемесіне арналған бес күндік бағдарламаға негізделген.

Оқыту семинарында тыңдаушылар педагогикалық өлшеулерге қатысты:

  • тест тапсырмаларының формалары;

  • тест тапсырмаларының қиындық деңгейлері;

  • тест тапсырмаларының сараптамасы;

  • білім беру жүйесіндегі халықаралық зерттеулер;

  • функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған тест тапсырмалары (контекстік тест тапсырмалары) бойынша түрлі мәселелерді қарастырады.

Семинардың тәжірибе бөлімі тест тапсырмаларының әзірлемесі мен сараптама жұмыстарына арналады.

Оқыту семинарынан өткен мұғалімдер Орталықтың тест тапсырмалары базасын толықтыру іс-шараларына қатыстырылатын болады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ