8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Семинар туралы

WhatsApp Image 2018-05-11 at 17.19.52.jpeg2018 жылғы 23-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) «КИМЭП» университеті базасында жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ЖБ ОЖСБ) сынағы туралы оқыту семинарын өткізді.  Семинарға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, кафедра меңгерушілері мен факультет декандары қатысты. Семинарда Орталық директорының орынбасары Т. Интымаков баяндама жасады.

Аталмыш университет студенттері биылғы жылы «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағытындағы мамандықтар бойынша ОЖСБ-ның байқау сынағын бірінші рет ағылшын тілінде тапсырып шықты.

Т. Интымаков университет мамандарын ОЖСБ-ны өткізу форматымен, тест нормалары мен бағалау шкаласымен таныстырды. Сонымен қатар байқау сынағының нәтижесі бойынша салыстырмалы талдау жасады. Тыңдаушыларға мамандықтар, пәндер және жекелеген тақырыптар бойынша алынған нәтижелердің орташа көрсеткіші ұсынылып, талқыға салынды.

Семинар тыңдаушылары жұмыс барысында тест тапсырмаларын құрастыру бойынша дайындалған әдістемелік талаптармен танысты. Шара соңында жоғары оқу орындарынан шақырылған оқытушылардан байқау сынағы нәтижесі бойынша тест тапсырмаларына екінші сараптама жүргізетін жұмыс топтары құрылды. Семинар жұмысында белсенділік танытқан тыңдаушыларға сертификат берілді.

WhatsApp Image 2018-05-11 at 17.19.50.jpeg





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ