8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

«Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» атты қарағанды қаласында өткен оқыту семинарының қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 23-27 сәуір күндері Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері» атты семинар өткізілді.

Оқыту үрдісінде тестілеу технологиясын қолдану бойынша білім беру саласы қызметкерлерін мақсатты дайындау мен біліктілігін арттыруға 40 мұғалім мен оқытушылар қатысты. Оның ішінде 20-сы Қарағанды қаласынан, 20-сы Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарынан болды.

Семинарда 

  • педагогикалық өлшеулер негіздері, 

  • тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік және дағдыларын бағалау, 

  • оқыту қорытындыларын өлшеу құралдарын әзірлеу әдістемесі, 

  • қазіргі замандағы функционалдық сауаттылықтың маңызы 

және т.б. мәселелер қарастырылды.

Семинар жұмысы теориядан тәжірибеге қағидасы бойынша жүргізілді. Сондықтан да семинарға қатысушыларда педагогикалық өлшеулер негіздері бойынша білім алуға, тест тапсырмаларының түрлі формалары мен оларды әзірлеудің әдістемесі туралы нұсқаулықтар алуға және алған білімдерін семинар жұмысы аясында тәжірибеде қолдануға мүмкіндіктері болды.

Семинарға қатысушылар пәндер бойынша тест спецификацияларын, түрлі формалардағы тест тапсырмаларын қызығушылықпен әзірледі және өздерінің әріптестерінің жұмыстарына сараптау жұмыстарын жүргізді.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға курсты сәтті аяқтағандары туралы Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары табысталды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ