8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (қаңтар) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар, оқуға түсушілерге көмек ретінде бірқатар жаңалықтар қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 20-23 қараша аралығында педагог қызметкерлерге арналған біліктілік тестілеуі өткізілді.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 5285, оның ішінде қазақ тілінде – 3794, орыс тілінде – 1491 адам.

Ұлттық тестілеу орталығы ағымдағы жылдың 21 және 23 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен өткен XVІ Қазақстандық Халықаралық «Білім және ғылым - 2018» көрмесіне қатысты.

2018 жылғы 15-16 қараша күндері Астанада «Тілеп-Қобыз» сарайында «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 572 «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау 14-18 қарашада 45 жоғары оқу орындарының базасында өткізілді.

Ұлттық тестілеу орталығы ағымдағы жылдың 21 және 23 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі қолдауымен «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен өткізілетін XVI Қазақстандық Халықаралық «Білім және ғылым - 2018» көрмесіне қатысады.

Ұлттық тестілеу орталығында Оқу жетістіктерін сырттай бағалау пәндері бойынша әзірленген тест тапсырмалары сапасын жетілдіру шаралары іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 572 «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, оқу жетістіктерін сырттай бағалау 2018 жылғы қараша айының 14-18 аралығында 45 жоғары оқу орнының базасында өткізіледі.

2006 жылдан бері елімізде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының базасында тілдік білімді бағалаудың халықаралық жүйелері талаптарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тестілеуі өткізіліп келеді.   Бұл жүйенің өткен кезеңнен бері республика азаматтарының тілдік құзыреттерін дамытуда пәрменді құралға айналғанын көруімізге болады.

Ұлттық тестілеу орталығы Оқу жетістіктерін сырттай бағалау сынағы үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша жаңа форматтағы тест тапсырмалары базасын қалыптастыру шараларын іске асыруға кірісті.

Күнтізбе
<Пред
Желтоксан 2018
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ