8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Қорытынды аттестаттауды өткізу туралы

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау 11(12) - сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихан болып табылады және түлек оқитын мектеп базасында өтеді.

Өткізу мерзімі – 2018 жылғы 29 мамыр – 9 маусым аралығында.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген 11(12) - сынып білім алушылары емтихан түрінде 5 пәннен қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау пәні бойынша.

11(12) - сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 74 «2017-2018 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушылардың қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығының негізінде мынадай нысандармен өткізілуде:

1) «Ана тілі және әдебиеті» (оқыту тілі) - эссе нысаныда жазбаша емтихан (3 сағат) - 2018 жылы 29 мамырда;

2) «Алгебра және анализ бастамалары» - жазбаша емтихан (5 сағат) – 2018 жылы 6 маусымда;

3) «Қазақстан тарихы» - ауызша емтихан билетпен (дайындалуға 20 минут) – 2018 жылы 9 маусымда;

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (80 минут) – 2018 жылы 2 маусымда;

5) Таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу (80 минут) - 2018 жылы 2 маусымда.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ