8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері

Жаңалықтар

Қорытынды аттестаттау пәндері және өткізілуі туралы ақпарат

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау 11(12) - сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихан болып табылады және түлек оқитын мектеп базасында өтеді.

Өткізу мерзімі – 2018 жылғы 29 мамыр – 9 маусым аралығында.

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгерген 11(12) - сынып білім алушылары емтихан түрінде 5 пәннен қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау пәні бойынша.

11(12) - сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

  • «Ана  тілі және әдебиеті» (оқыту тілі) - эссе нысаныда жазбаша емтихан (3 сағат).

  • «Алгебра және анализ бастамалары» - жазбаша емтихан (5 сағат).

  • «Қазақстан тарихы» - ауызша емтихан билетпен (дайындалуға 20 минут).

  • Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (80 минут).

  • Таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу (80 минут). 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ