8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығы филиал қызметшілерімен өткізілген семинар

IMG_2243.JPGҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» (Бұдан әрі - Орталық) РМҚК директорының 2018 жылғы 28 қарашадағы №70-ІС бұйрығына сәйкес Астана қаласында 2018 жылғы 12-13 желтоқсан аралығында Орталық филиал қызметшілерімен семинар өткізілді. Семинарға жалпы 134 филиал қызметшілері қатысты. Семинарды Орталық директоры Р.С. Әлімқұлов ашып, сөз сөйледі. Филиалдардың қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы ағымдағы жылда филиал қызметшілердің атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Сонымен қатар әр базалық филиалдардың қорытынды есептері тыңдалды. Филиал қызметшілері тарапынан Орталықпен атқарылатын іс-шараларға ұсыныстар болды және ағымдағы жылы туындаған мәселелер талқыланып, келесі жылға мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Ұлттық тестілеу орталығы қызметшілері мен филиал қызметшілерін құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімі жүргізілді. Филиал басшылары мен сарапшылары лауазымдық міндеттерін жақсы атқарғандары үшін Ұлттық тестілеу орталығы директоры   Р.С. Әлімқұловтың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

2019 жылғы Ұлттық біліктілік тестілеу технологиясына енгізілетін өзгерістер және Ұлттық біліктілік тестілеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы Р.С. Серіковтің сөзі тыңдалды.

IMG_22522222222222222.jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ