8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2019 ж. (қаңтар) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар, оқуға түсушілерге көмек ретінде бірқатар жаңалықтар қарастырылған.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет ақылы негізде (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз) өткізіледі.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

2019 жылғы 15 - 20 қаңтар аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында қабылданады. Осы тестілеуге орта мектептердің 11(12) сынып оқушылары және бірінші академиялық оқу кезеңін аяқтағанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобынан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін тұлғалар қатыса алады.

Өтініштер ҰБТ өткізу пункттері (тек 11(12) сынып оқушылары үшін) мен жоғары оқу орындары базасында қабылданады.

ҰБТ-ны табысты тапсырған кезде 11(12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады.

Сондай-ақ шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі.

2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Министрлік жоғары оқу орындары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының реестрін қалыптастырады.

2018 жылдан бастап ҰБТ сертификатымен бірге әрбір түлекке білім беру бағдарламалары топтарының тізімі; бөлінетін гранттар саны, сондай-ақ өткен жылғы гранттар конкурсының нәтижелері бар ақпараттық парақ беріледі. Бұл ақпараттық парақ түсушіге болашақ мамандығын таңдауда көмектеседі.

Бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі, бағасы – 2242 теңге.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ