8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары

Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген (2018 жылғы 10 мамырдағы № 196 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары» негізінде ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 1 шілде аралығында өткізіледі.

Тестілеудің өту ережелерін бақылау, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын іске асыру мақсатында ҰБТ өткізу пункттеріне Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өкілдері жіберіледі.

ҰБТ өткізу үшін Министрлік өкілдері құрамына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары және орта білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары кіреді.

Ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Министрлік өкілдері үшін Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовтың қатысуымен оқыту семинарлары жүргізіледі.

Оқыту семинарларынан кейін Министрлік өкілдері тестілеуді ұйымдастыру үшін ҰБТ өткізу пункттеріне жіберіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ