8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

ҰБТ: республикалық апелляциялық комиссия жұмысы сәтті аяқталды

2018 жылғы 21-28 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығының базасында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірыңғай талаптарын сақтау үшін құрылған Республикалық апелляциялық комиссия жұмыс атқарды.

Жыл сайын тестілеуді өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу жөніндегі Республикалық апелляциялық комиссия, ҰБТ өткізу пунктері мен базалық жоғары оқу орнындарында апелляциялық комиссиялар құрылады.

Апелляциялық комиссияның мүшелері тестілеу пәндері бойынша негізгі орта, жалпы орта және жоғары білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінен құрылды.

Республикалық апелляциялық комиссия жұмыс барысында келесі себептер бойынша түскен өтініштерді қарастырды:

  • дұрыс жауап – дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеуі;

  • тест тапсырмасының дұрыс жауабы болмауы;

  • берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында біреуден көп дұрыс жауап болуы;

  • тест тапсырмасының дұрыс құрылмауы;

  • тапсырма шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) түсіп қалу себебінен, дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмауы.

Республикалық апелляциялық комиссия тест тапсырмасының мазмұнымен қатар техникалық себептерге байланысты өтініштерді де қарастырды.

Республикалық апелляциялық комиссия түсушілерден 243 тест тапсырмасының мазмұны бойынша келген 491 өтінішті қабылдады. Оның ішінде 101 тест тапсырмасы қанағаттандырылды. Техникалық себеп бойынша 45 өтініш түсті, оның 28-не оң шешім қабылданды.

Республикалық апелляциялық комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша қанағаттандырылған өтініштер санының азаюы ҰБТ тест тапсырмаларының жетілдірілгенінің дәлелі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ