Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 1 - 15 ақпан аралығында республика бойынша наурыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау 154 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді.
2019 жылғы 14 қаңтар – 4 ақпан аралығында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларды және аудиоматериалдарды дыбыстаушы дикторларды іріктеу бойынша конкурс өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
2019 жылғы 14-23 қаңтар аралығында Ұлттық тестілеу орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу жұмысы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларды, түзетушілер мен аудиоматериалдарды дыбыстайтын дикторларды іріктеу бойынша байқау (конкурс) жариялайды.
Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткерпедагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі 2018 жылғы 20-23 қараша, қайта тестілеу 11-13 желтоқсан аралығында өткізілді.