8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері

Жаңалықтар

ҚАЗТЕСТ Солтүстік Қазақстанда

подробноско.jpgҚазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылған. Бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы. Бағдарламада мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтау көзделген.

Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 25-29 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Жамбыл, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.

Тестілеуге жалпы 1627 адам қатысты. Оның ішінде 1549 адам диагностикалық тестілеуден, А2 (базалық деңгей) – 27 адам, В1 (орта деңгей) – 38 адам, В2 (ортадан жоғары деңгей) – 12 адам, С1 (жоғары деңгей) –1 адам сертификаттық тестілеуден өтті. Диагностикалық тестілеуден өтушілерге ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым», «Оқылым» бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, ал сертификаттық тестілеуге қатысушылар үш бөлікпен бірге төртінші бөлік «Жазылым» бөлігінен тапсырма орындады.

Диагностика.jpg

Тест тапсырушылардың 70 %-ын қазақ, 22 %-ын орыс, 8%-ын өзге ұлт өкілдері (украин, татар, белорусь, неміс, ұйғыр, кәріс) құрады.

Сонымен қатар 25 маусымда Петропавл қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесінің жаңа форматы бойынша диагностикалық және сертификаттық (В1-орта деңгей) апробация өткізілді. Жаңа форматтың апробациясына 85 адам қатысты. Диагностикалық тестілеу бойынша 3 бөлікте 100 тест тапсырмасы берілді – тыңдалым (20 тапсырма), лексико-грамматикалық құрылым – (40 тапсырма), оқылым (40 тапсырма). Сертификаттық тестілеуде үш бөлікпен бірге «Жазылым» және «Айтылым» бөліктері берілді.

Аталған іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» КММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымына алғысымызды білдіреміз.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ