8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

Қайта ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау аяқталды

Қайта ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) мен кешенді тестілеуге (бұдан әрі - КТ) өтініш қабылдау 2018 жылдың 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары арқылы қабылданды.

Ағымдағы жылы Қайта ҰБТ мен КТ-ға қатысуға ниет білдірген түсушілер саны 40 718-ні құрады, олардың 26 898-і қазақ тілінде, 13 809-і орыс тілінде, 11-і ағылшын тілінде. Бес пәннен тест тапсыруға ниет білдірушілер саны (күндізгі толық оқуға) - 18 500, екі пәннен тест тапсырушылар саны (күндізгі қысқартылған оқуға) – 22 218-і құрады.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін түсушілерді аудиторияларға (бағдарламалық деңгейде) бөлу жүзеге асырылады, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен тестілеуге қатысудың рұқсаттамасы басып шығарылады, рұқсаттамада тестілеу орны, күні мен уақыты көрсетіледі.

Қайта ҰБТ мен КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен 40 базалық жоғары оқу орындары базасында өткізіледі.

Қайта тестілеу белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ мен КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде өткізіледі.

Қайта ҰБТ мен КТ-ның өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Министрлік өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеу өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және түсушілердің даулы мәселелерін шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия және базалық жоғары оқу орындарында апелляциялық комиссиялар құрылады.

Апелляция өтініштері тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

Қайта ҰБТ мен КТ нәтижелері тестілеу өткізілген күні беріледі, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ