8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері

Жаңалықтар

2018 жылғы ҚАЗТЕСТ тестілеуін өңірлерден бірінші болып Батыс Қазақстан облысы өтті

подробно.jpg2018 жылдың 5-16 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының, Жаңақала, Сырым, Жәнібек, Қаратөбе, Бөкейорда аудандарының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері мен әскери сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға және бағалауға бағытталған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.

Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым және жазылым бөліктері бойынша жүргізілді.

Жалпы тестілеуге 6386 адам қатысты, оның ішінде 5794 тестіленуші диагностикалық және 592 тестіленуші сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеуден өткен мемлекеттік қызметшілердің саны – 1254, бюджеттік сала қызметкерлері – 3380, мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері – 884 және әскери сала адамды құрады. Сонымен бірге;

  • жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері;

  • 2029, 5515, 5517 әскери бөлімдері, №12 шекара отрядының әскери сала қызметкерлері;

  • ҚР Ұлттық Банкі БҚО филиалы;

  • мамандандырылған «Күзет» қызметі;

  • «Қазақстан темір жолы» АҚ;

  • «Электр желілерін таратушы компания» АҚ;

  • «ҚазТрансГаз» АҚ;

  • «Интергаз» АҚ;

  • БҚО прокуратурасы мен Орал қалалық прокуратурасы;

  • «Жайық пресс» медиахолдингі;

  • Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті;

  • БҚО бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон департаменті;

  • Әскери полиция бөлімі;

  • Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы;

  • Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;

  • Халыққа қызмет көрсету орталығы;

  • БҚО статистика департаменті;

  • Қылмыстық атқару жүйесі;

  • БҚО Ұлттық қауіпсіздік қызметі;

  • БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент;

  • Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі қызметкерлері тестілеуден өтті.

Орал қаласы бойынша – 2037 адам, Жаңақала ауданы – 564 адам, Сырым ауданы – 956 адам, Жәнібек ауданы – 842 адам, Қаратөбе ауданы – 1021 адам, Бөкейорда ауданы – 966 адам.

Келесі суретте сертификаттық тестілеу бойынша статистикалық деректер көрсетілген:

 БКО-каз.jpg 

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға белсене қатысатын аймақтардың бірі.

Аталған іс-шара Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өткізгендері үшін Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Фотогалерея




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ