8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеу онлайн байқау сынағы

Жаңалықтар

2018 жылғы қайта ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы №196 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түсушілер және ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) және кешенді тестілеуге (бұдан әрі – КТ) қатыспаған адамдарға ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін 2018 жылдың 15-19 тамыз аралығында қайта ҰБТ және КТ өткізіледі.

Қайта ҰБТ және КТ қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылғы 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссияларында жүргізіледі.

Қайта ҰБТ және КТ түсушілердің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Қайта ҰБТ және КТ ағылшын тілінде тапсырушылар «Қазақстан тарихы» пәнін өз қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсу үшін колледж бітірушілері қайта ҰБТ және КТ өз қалауымен қазақ немесе орыс тілінде жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша тапсырады.

Тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсыну қажет:

  • Бекітілген нысандағы бланктегі өтініш;

  • Жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

  • Тестілеуді өткізу үшін төленгені туралы түбіртек;

  • 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Тестілеуге қатысу үшін төлем 2242 теңгені құрайды және төлемді талапкерлер Қазпошта немесе Халық банкінің бөлімшелері арқылы төлей алады. Ол үшін төменде көрсетілген реквизит арқылы төлеп, түбіртекте «Кешенді тестілеу тапсыру үшін» деп көрсету керек.

Ұлттық тестілеу орталығының деректемелері:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX    КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ .

Рұқсаттамалар өтініш берген ЖОО-да таратылады. Тестілеу ағымдағы жылдың 15-19 тамызында өткізіледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ