8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ҰБТ-ға (негізгі) қатысу үшін алдын-ала өтініш беру

Жаңалықтар

«Қысқы» ҰБТ-2019 (қаңтар) қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2016 жылдан бастап жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыруға байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі осы жылдан бастап ҰБТ-ны жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсыру мүмкіндігі болып отыр.

Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілген ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің жоғары оқу орнында тек ақылы бөлімге түсуіне құқық береді. Егер мектеп бітіруші түлек мемлекеттік білім грантын алғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өткізілетін ҰБТ-ға қатысуы керек. Маусым айында тапсырған ҰБТ-ның қорытындысы бойынша білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады. Жоғарыда өткізілген іс-шаралардың өткізілуіне мемлекеттік қаржыдан бірде-бір тиынның жұмсалмайтынын айта кетуіміз керек.

Осы жылдың 18-20 қаңтар аралығында бірінші «қысқы» ҰБТ өтті. Жалпы ҰБТ өткізу пункттерінің саны – 74, өтініштер саны - 35 838 адам, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде, 10 162 адам орыс тілінде, 61 адам – тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірді. Қатысушылар санаты бойынша: 29 789 адам - 11 (12)-сынып оқушылары, 3 268 адам – шартты түрде түскендер, 2 781 адам – шығармашылық мамандықтарынан басқа мамандықтарға ауысушылар.

ҰБТ-ға қатысқандар: 34 687 адам. Мүмкіндігі шектеулі жандар – 9. ҰБТ-ның шекті деңгейінен өткендер – 24 012 адам (69%), шекті деңгейден өте алмағандар – 10 675 адам (31%).

Бейінді пәндер комбинациясы бойынша «Математика-физиканы» 8 430 (28,8%), «Химия-биологияны» - 5 839 (19,9%) түсушінің таңдаған. Бұл біздің түлектер Елбасының техникалық мамандықтарға білім беру гранттарының санын 20 мыңға көбейту жөніндегі әлеуметтік бастамасын дұрыс түсінетіндігін растайды.

ҰБТ тестерінің мазмұнына қатысты Республикалық аппеляциялық комиссиясына 8 өтініш келіп түсті, оның 3-еуі қанағаттандырылды.

Өткен жылы тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 243 өтініш түскенін, оның ішінде 101-і қанағаттандырылғанын атап өту керек. Сондай-ақ, қанағаттандырылған өтініштің ішінде дұрыс құрылмаған тапсырма – 21, дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейтіні – 56, және т.б. Бізде базада 120 мыңнан астам тест тапсырмасы бар. Осыған орай, оң шешім қабылданған тест тапсырмалары жалпы тест тапсырмалары санының 0,4 %-ын құрайды.

Мұның барлығы тест тапсырмалары сапасының жыл сайын артып келе жатқанын дәлелдейді.  

Сонымен қатар, тестіленушілерге қолайлы жағдай жасау үшін өткен жылғыдай:

  • барлық түлектерге сертификатпен бірге білім беру бағдарламаларының тізбесі көрсетілген ағымдағы жылы бөлінетін гранттар саны; өткен жылғы білім беру грантын беру конкурсының нәтижелері және өткен жылдың шекті балл көрсеткіштері қоса берілетін ақпараттық парақтар ұсынылады;

  • дәлелді себептерге байланысты мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-ға қатыса алмаған жағдайда, оны келесі лекте тапсыру мүмкіндігін ұсыну;

  • ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар ұсыну;

  • «Алтын белгі» иегерлеріне балл ұпайлары тең түскен жағдайда басымдық беру көзделіп отыр.

Сонымен бірге, тестілеу іс-шараларының өткізуде технологияларын жаңаландыру жұмыстары жалғасуда: - он-лайн трансляциялау; - ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыратын заманауи құрылғылармен барлық аудиторияларды жабдықтау; - бірыңғай тегін call-орталықты іске қосу.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ