8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін конкурс нәтижелері
Пресс-релиздерЖаңалықтар

Жаңалықтар

Астана қаласы Ұлттық тестілеу орталығында Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмаларының сапасын арттыру және толықтыру мақсатында тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптамадан өткізу жұмыстарын ағымдағы жылғы 12 мен 22 қыркүйек аралығында жүргізілуде.

Шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) дайындық бөлімдеріне қабылдау конкурстық негізде кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес ағымдағы жылдың 18-26 шілдесінде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау жүргізілді.

2018 жылғы 16-25 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының базасында Жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарына арналған пәндер бойынша тест тапсырмаларың екінші сараптамасы жүргізілді.

2018 жылғы 10-15 тамыз аралығында 113 жоғары оқу орындары мен 13 ғылыми ұйымдардың үміткерлерінің қатысуымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес магистратура, резидентура, докторантураға шет тілдерінен түсу емтиханы және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеу өткізілді.

2018 жылдың 17 тамызына дейін оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініштер  қабылданады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 369 «2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратурада кешенді тестілеуді өткізу туралы» бұйрығына сәйкес тестілеу 2018 жылғы 10-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Қайта ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге өтініш қабылдау 2018 жылдың 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары арқылы қабылданды.

Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерді жаңа жүйе бойынша аттестаттауға арналған тест тапсырмаларын дайындау үшін Астана қаласы Ұлттық тестілеу орталығында 2018 жылғы 30 шілде мен 9 тамыз аралығында әзірлеме жұмыстары жүргізілуде.

Ұйым басшыларына және барлық мүдделі тұлғаларға!

Күнтізбе
<Пред
Қыркүйек 2018
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ