KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Дидарбекова Наужан Әбдісатарқызы

Дидарбекова Наужан Әбдісатарқызы

1983 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген.

2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

2004 жылы М.Х. Дулати Тараз мемлекеттік университетінде «Филология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған.

Ғылыми дәрежесі – филология ғылымдарының кандидаты.


Еңбек  жолы:

09.2004-08.2009 жж. - А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, «Қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы;

09.2009-03.2010 жж. - Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы;

04.2010-07.2013 жж. - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік басқармасының жоғары санатты әдіскері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті м.а., ғалым хатшысы;

09.2013-08.2014 жж. - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Көптілді білім беру және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бөлімінің басшысы;

08.2014-12.2015 жж. - Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің бас үйлестірушісі, талдау, сапа және аккредиттеуден кейінгі мониторинг бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

01.2016-05.2016 жж. – Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы;

05.2016-06.2019 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы.

07.2019-06.2021 жж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары.

2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.


Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен (2016) және басқа да құрмет грамоталарымен марапатталған;

«Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды - 2020 ж.



/o-tsentre/o-rukovodstve/detail.php

 Өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайтында



Закрыть окно