KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Жұмабекова Айгүл Баймырзақызы Жұмабекова Айгүл Баймырзақызы

 1978 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.

 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

09.1999 -08.2001 ж.ж. – Сосновка орта мектебінің биология және химия пәні мұғалімі, Павлодар облысы;
08.2001 -08.2004 ж.ж. – Жалпы орта білім беретін және жастарды кәсіптік даярлау мектебінің биология пәні мұғалімі, Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №17 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, Екібастұз қаласы;
08.2004 -04.2005 ж.ж. – Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің Павлодар қаласындағы филиалы бойынша тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, Павлодар қаласы;
05.2005 - 02.2007 ж.ж. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Тәрбие жұмысы басқармасы Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы;
05.2007 -03.2011 ж.ж. – Қазақ технология және бизнес университеті Оқу ісі жөніндегі бөлімінің әдіскері, Астана қаласы;
05.2011 -11.2020 ж.ж. – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Жоғары оқу орындары қызметін үйлестіру және мониторингтеу басқармасының сарапшысы;
11.2020 - 04.2022 жж.– ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім беру саясаты орталығының білім алушылар мен түлектерді қабылдау және қолдау секторының басшысы;

2022 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

  Марапаттары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.


/o-tsentre/o-rukovodstve/detail.php