KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы

Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы

1981 жылы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

 

Ғылыми дәрежесi- педагогикалық ғылымдар магистрі.

Еңбек  жолы:

2007-2010 ж.ж. - «Қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі;

2010-2015 ж.ж. - ҰБТ-ға дайындық бойынша Оқу орталығының директоры, Павлодар қаласы;

08.2015-08.2016 ж.ж. - Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «DОSTYK» орталығы;

08.2016-01.2019 ж.ж. - Қоғаммен байланыс жөніндегі директор, «Education Consulting»;

01.2019-08.2021 ж.ж. – Жобаларды басқару жөніндегі директор, «EduCon» ЖШС;

08.2021-10.2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы;

2021 жылғы 22 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды.

Біліктілікті арттыру және қосымша курстар:

2017 ж. - Ғылыми-педагогикалық тағылымдама, Lithuanian University of Educational Sciences (Vilnius);

2019-2020 жж. - Педагогикалық өлшемдер. Тестология, СНТА, Мәскеу қаласы;

2021 ж.- Тапсырмаларды құрастыру, білім беру бағасы, психометрия және оқулықтар жазу, CITO INTERNATIONAL;

 Марапаттары:

Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен (2016) марапатталған;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2019) және басқа да алғыс хаттармен наградталды;



/o-tsentre/o-rukovodstve/detail.php

 Өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайтында



Закрыть окно