8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Докторантура мен магистратураға түсушiлергеЖоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қабылдау емтихандары (ЖООКБ)

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларынасәйкес, ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына өтініштерді қабылдау шілденің 3-нен 31-не дейін жүргізіледі.

Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді 10-15 тамыз аралығында тестілеу түрінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

Шет тілі бойынша түсу емтиханы

Тест 3 бөлімдегі, бір дұрыс жауап таңдайтын 100 тапсырмадан тұрады. Тестілеудің уақыты - 125 минут.

І - Бөлім - Тыңдалым. Тест тапсырмасының саны - 32. Орындалу уақыты - 45 минут.

Бұл бөлімде тыңдауға 4 мәтін және әр мәтінге 8 тест тапсырмасы беріледі. Тыңдалымға ұсынылған материал 1 минуттық үзілісті сақтай отырып, 2 қайтара жазылған. Әр мәтінді тыңдап болған соң, оған арналған тест тапсырмаларын орындауға уақыт беріледі.

II - Бөлім - Лексика грамматикалық тест. Тест тапсырмаларының саны - 32. Орындалу уақыты - 30 минут. 

III - Бөлім - Оқылым. Тест тапсырмаларының саны - 36. Орындалу уақыты - 50 минут. 

Бұл бөлімде оқуға 3 мәтін және орындауға әр мәтінге 12 тест тапсырмасы берілген.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін  магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 

2018 жылы төменде көрсетілген мамандықтар бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар үшін таңдау бойыша қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тестен және мамандық бойынша ағылшын тіліндегі тестен тұратын кешенді тестілеу жүргізіледі.

 

2018-2019 оқу жылына оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің пәндері көрсетілген мамандықтар тізімі

Шифр

Мамандық атауы

1-пән

2-пән

6М011000

Физика

Физиканы оқыту әдістемесі

Жалпы физика

6М011100

Информатика

Информатиканы оқыту әдістемесі

Информатиканың теориялық негіздері

6М011200

Химия

Химияны оқыту әдістемесі

Химия

6М011300

Биология

Биология оқыту әдістемесі

Биология

6M011900

Шет тілі:

екі шет тілі

Шет тілін оқыту әдістемесі

Кәсіби-бағытталған шет тілі

6M030100

Құқықтану

ҚР Конституциялық құқығы

Мемлекеттік құқық теориясы

6M030200

Халықаралық құқық

6M030400

Кеден ісі

6M050600

Экономика

 Экономикалық теория

Макроэкономика

6M050700

Менеджмент

6M050800

Есеп және аудит

6M050900

Қаржы

6M051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

6M051100

Маркетинг

6M051300

Әлемдік экономика

6M051700

Инновациялық менеджмент

6M052100

Мемлекеттік аудит

6М070200

Автоматтандыру және басқару

Жоғары математика

Сызықты автоматтыреттеу жүйелері

6М070300

Ақпараттық жүйелер

Математикалық талдау

(информатика)

Ақпараттық жүйедегі мәліметтер базасы

6М070400

Есептеуіш техника және бағдарламалық жабдықтау

Математикалық талдау

(информатика)

Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары

6М070500

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Математикалық талдау (математикалық және компьютерлік модельдеу)

Дифференциалдық теңдеулер

 Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест сыни ойлау (элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру) және аналитикалық ойлаудан (академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру) тұрады.

Кешенді тестілеу форматы 

Бөлім

Оқуға дайындығын анықтау

 бойынша тест

Мамандық бойынша тест

Қорытынды

Секциялар

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(Академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1 Пәні

2 Пәні

Тілі

Қазақша/орысша

Ағылшын тілінде

Тапсырмалар саны

15

15

30

20

 

30

50

80

Тест тапсырмаларының түрлері

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау

 

Бағалауы

1 балл

1 балл

2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

Максималды балл саны

30 балл

30 балл

40 балл

100

Орындау уақыты (мин)

50

60

50

160


Магистратура, резидентура, докторантураға қабылдау 

Тұлғаларды магистратураға, резидентураға, докторантураға қабылдау түсу емтихандарының немесе ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша төмендегідей балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады:

ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша - кемінде 50 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл, ал бейінді магистратураға, резидентураға шет тілі бойынша – кемінде 30 балл және мамандығы бойынша – кемінде 50 балл;

Бағалаудың 100 балдық шәкілі жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

100 балдық шәкілі жүйесінен балдары

5 балдық бағалау жүйесінен балдары

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы(4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

30-49

Қанағаттандырарлықсыз (2)*

0-29

*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанғысыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді 

ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу қорытындылары бойынша – кемінде 19 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 5 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 6 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл.

 

100 балдық бағалау жүйесінің шәкілі (оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу) 

Тест түрлері

Тапсырма нысандары

Тапсырмалар саны

Тапсыру тілі

Балдар

Шекті балл

Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

бір дұрыс жауап таңдалатын

30

Қазақша немесе орысша (таңдау бойынша)

30

5

Мамандық бойынша тест

бір дұрыс жауап таңдалатын

30

Ағылшын тілінде

30

6

бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын

20

Ағылшын тілінде

40

8

Барлығы

-

80

-

100

19

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойыншатүсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары:

  • ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура үшін – кемінде 150 балл;

  • бейінді магистратура және резидентура үшін – кемінде 130 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Шет тілінен түсу емтиханына және кешенді тестілеуге қатысу құны – 4200 теңге.

Төлем жасау үшін реквизиттер:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX, КБЕ 16

«Қазақстан халық банкі» АҚ.

Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар тізімі 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес:

Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО немесе ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды:

  • ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

  • жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

  • интернатураны бітіргені туралы куәлікті (резидентураға түсу үшін);

  • осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

  • 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • жеке куәлігінің көшірмесін;

  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса) тапсырады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және "магистр" дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар адамдар қабылданады.

 Докторантураға түсуші адамдар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды:

  • ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтінішті;

  • жеке куәліктің көшірмесін;

  • білімі туралы құжаттың көшірмесін;

  • осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болса);

  • 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын басқа құжатты тапсырады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 14 тармағына сәйкес мынадай емтихандар бойынша:

  • ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

  • неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);

  • француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар адамдар магистратураға, резидентураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.

Бұл ретте ЖОО-ның қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ