8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Қорытынды аттестаттауға дайындық үшін

Қорытынды аттестаттауға дайындалу үшін Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықтарға сүйеніп, Ұлттық тестілеу орталығы сайтына орналастырылған тест спецификациясын және жазбаша, ауызша тапсырылатын емтихандарға арналған оқу-әдістемелік құралдарды, сонымен қатар қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде таңдау пәндері бойынша дайындық нұсқаларын пайдалануға болады.

Қорытынды аттестаттауға дайындалу үшін Ұлттық тестілеу орталығы ұсынатын материалдар:

  • Қазақстан тарихы, оқыту тілі мен әдебиеті, алгебра мен анализ бастамалары пәндерінен ауызша емтихандарға дайындалу үшін қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдеріндегі оқу-әдістемелік құралдар мен тапсырмалар үлгілері (Қазақстан тарихы пәнінен билет нұсқаларын, алгебра мен анализ бастамаларынан бақылау жұмысының нұсқаларын және оқыту тілі мен әдебиетінен эссе тақырыптары);

  • оқыту тілі қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі/ қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілінен және шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінен тест спецификациясы және аудиофайлдары қосымша тіркелген тыңдалым, лексика-грамматика блогтары бойынша тапсырмалар үлгілері;

  • таңдау пәндері бойынша ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға және ұсынылған бірнеше жауаптан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларының үлгілері;

  • информатика бойынша сайтта бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары және практикалық блок бойынша тапсырмалар мен тестілеу программасы ұсынылады.

Қорытынды аттестаттауға дайындалуға арналған спецификациялар, әдістемелік құралдар және жаттығу тапсырмалары:




Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерге арналған

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ