8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Мектеп түлектері мен талапкерлергеҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат

ҰБТ 2019 қорытындысы туралы ақпарат

2019 жылғы қаңтарда Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) Республика бойынша 18-21 қаңтар аралығында үш лекте 74 ҰБТ өткізу  пункттерінде өткізілді.

ҰБТ - ға қатысуға 35838 адам өтініш берді, оның ішінде қазақ тілінде тест тапсырушылар - 25615 (71,5%), орыс тілінде - 10162 (28,4%) және ағылшын тілінде - 61 адам.

Қабылданған өтініштерден:

  • жалпы білім беретін мектептердің 11 (12) сынып оқушылары - 29789 адам;

  • бірінші академиялық оқу кезеңі аяқталғанға дейін ЖОО-ға қабылданған адамдар - 3268 адам;

  • шығармашылық мамандықтарда оқитын және басқа мамандықтарға ауысуға ниет білдірген студенттер - 2781 адам.

Тестілеуге 34687 адам қатысты, ол өтініш берушілердің 96,8%-ын құрады. Оның ішінде 24771 (96.7%) қазақ тілінде, 9858 (97.0%) орыс тілінде және 58 (95.1%) ағылшын тілінде тапсырды.

Аймақтарға 309 ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 116 адам шығарылды, тестілеуге кіруге әрекет еткен 2 бөтен тұлға анықталды. Тестілеу барысында 20780 тыйым салынған заттар, соның ішінде 16699 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 3848 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және т.б) алынды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 64,1 (мүмкін болған 140 баллдан). Шектік деңгейден өткендер саны – 24014 (69,23%).  Шектік деңгейден өте алмағандар саны - 10673 адам (30,8%). 

Тестіленушілердің ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар саны - 9. Олар үшін мемлекеттік комиссия шешімімен жеке аудиториялар және арнайы көмекшілер бөлінді.

ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санынан ең көбі «Математика-Физика» комбинациясын таңдады – 8430 (28,8%) адам. Ал ең аз таңдалған «Химия-Физика» комбинациясын 48 адам таңдады.

2019 жылы ҰБТ өткізу барысындағы барлық іс-шара штаттық тәртіпте өтті. 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ