8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Бiз туралыБасшылар туралы

Басшылар туралы


Әлімқұлов Рамазан Сихымұлы

20140204_165445.jpg

1976 жылы 17 тамызда туылған. 

Білімі жоғары. А. Яссауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану  мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистратура мен  аспирантураны Халықаралық құқық мамандығы бойынша 2001 ылы Ресей халықтар достығы университетінде бітірген. 

2012 жыл  мен 2013 жылдар аралығында ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мемлекеттік басқару мамандығына Ұлыбританияда Ноттингем университетінде оқыған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма прокуроры қызметінен бастады.

 2003-2005 жылдар аралығында ҚР Конституциялық Кеңесінің бас  сарапшысы;

2005-2007 жылдар – ҚР Президент Әкімшілігінің аға сарапшысы;

2007-2010 жылдар – ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң  департаментінің директоры;

2010-2013 жылдар – ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Төрағасының орынбасары;

2013-2016 жылдар – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының президенті;

2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры.

2009 жылы мемлекеттік награда «Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. ҚР Президенті Әкімшілігі Жетекшісінің (2005 ж.) және ҚР Конституциялық Кеңесі Төрағасының алғыстарының (2003 ж.) иегері.

«Халықаралық құқық» мамандығы бойынша заң ғылымдарының докторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. 


Маликов Қуаныш Тұрарбекұлы

Ынтымаков ТЖ.jpg

1967 жылы 29 мамырда туған. 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филология мамандығы, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1993 - 1998 жж. – Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін оқытушысы;

1998 - 1999 жж. – «Семей» мемлекеттік университетінің оқытушысы;

1999 - 2002 жж. – Қазақ мемлекеттік заң университетінің Семей филиалының аға оқытушысы;

2002 - 2009 жж. – Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде аға оқытушы, доцент м.а., декан, проректор;

2009 - 2010 жж. – Шығыс Қазақстан облысы бала құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің жетекші маманы;

2010 - 2011 жж. – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сарапшысы;

2011 -  2017 жж. – Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторинг басқармасының басшысы;

2017 жылы - Ұлттық тестілеу орталығы Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы;

2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.



Бүркітбаев Алмас Жердентапқанұлы

Ынтымаков ТЖ.jpg

1976 жылы 15 желтоқсанда туылған.

Қазақстан Республикасы Шекара Әскери институтын тәмамдады.

1999 жылы № 01068 әскери бөлімінде офицер ретінде әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.

2017 жылғы 01 наурызда ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.




Орынбеков Думан Рымғалиұлы

IMG_2690.JPG

1983 жылдың 24 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультетін тәмәмдаған (біліктілігі «инженер-механик).   

2008 жылы аталған жоғары оқу орнының аспирантурасын тәмәмдап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

2008-2011 жж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2011-2012 жж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары білімнен кейінгі білім беру бөлімінің басшысы.

2012-2018 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөлімінің басшысы.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

60-тан астамғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 3 оқу құралы, 2 монография және Қазақстан Республикасының 5 алдын-ала/инновациялық патенттері бар.

2010-2012 жж. дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталған (2018 ж.).

Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары бар.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.


Ильясов Дмитрий Владимирович

IMG_2690.JPG

1986 жылы 7 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келген

2005 жылы Нұр-Сұлтан (Астана)  қаласында «Құқықтанудағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы колледжді бітірді;

2008 жылы Нұр-Сұлтан (Астана) қаласындағы «Менеджмент институтын» «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірді;

2008-2009 жылдар аралығында «ІТ-Research Center» ЖШС-ның ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу басқармасының І және ІІ санаттағы маманы;

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сарапшысы;

2012 жылдан 2019 жылға дейін Әділет министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығының" сарапшысы;

2019 жылдың 2 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ