8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі
СтуденттергеЖоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ)

Жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ЖБ ОЖСБ)

Қазақстан Республикасының білім сапасын бағалаудың Ұлттық жүйесі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай және іштей бағалауды қамтиды.

2004 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бақылаудың бір түрі болып Мемлекеттік аралық бақылау жоғары оқу орындарының 2 (3) курс студентеріне өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оңды көрсеткішін көрсетіп, өзіне жүктелген міндеттерді орындады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарында ОЖСБ оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын үшінші курс студенттері үшін жүргізіледі.

Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

 ОЖСБ өткізілетін оқу бағдарламалары мен пәндер тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

2019 жылы ОЖСБ төрт жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі:

  • Қазақстан тарихы.

  • Философия.

  • Ақпараттық коммуникациялық технология (ағылшын тілінде).

  • Шет тілі (ағылшын, неміс, француз).

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25. Тестілеу уақыты - 180 минут (3 сағат).

Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің  уәкілетті өкілдері  жүзеге асырады.

ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің өлшемшарты ретінде пайдаланады.

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды жүргізу қағидалары өзгерістермен



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ