8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеу (қайта) нәтижелері
СтуденттергеҚР ЖОО шетелдік ЖОО-нан ауысатын студенттер үшін кешенді тестілеу (ауысушылар)

Шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысуды жүзеге асырған тұлғалар үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының 6-тармағына сәйкес білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.

Жоғарыда айтылған Қағидалардың 6-1-тармағына сәйкес 1-курстың бірінші семестрінен кейін шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде, тұлғалар 6-тармақта көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификатын ұсынады.

ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған немесе өту балын жинамаған тұлғалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес күнтізбелік жылы 20-24 қаңтар аралығында КТ тапсырады.

Аталған тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар күнтізбелік жылғы             10-20 желтоқсан аралығында желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1)  КТ-ға қатысу үшін өтініш;

2)  3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

3)  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

КТ туралы қысқаша ақпарат төменде беріледі.

Өткізілетін орны: базалық жоғары оқу орындары;

Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау – 2017 жылы 10-20 желтоқсан аралығы;

                            Тестілеу – 2018 жылы 20-24 қаңтар аралығы;

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері;

Апелляция: қарастырылған;

Форматы: 5 пән (3 міндетті+2 таңдауы бойынша).

                   Барлық тест тапсырмалар саны — 120;

конк1каз.png

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут);

Жоғары балл саны: 140;

Шекті деңгей балы: 50;

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады.

КТ (ТжКБ) — меңгерілген мамандық бейініне қарай күндізгі қысқартылған және сырттай қысқартылған оқу нысаны бойынша ЖОО-ға түсетін тұлғалар үшін

КТ (ТжКБ) форматы: 2 пән;

Барлық тест тапсырмалар саны — 60;

конк2каз.png

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут);

Жоғары балл саны: 70;

Шекті деңгей балы: 35;

Колледж бітірушілері өзінің біліктілігіне (мамандығына) жоғары білімнің ұқсас мамандығын және тапсыратын пәндер тізбесін осы жерден көре алады:

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына өзгерістер



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ