8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
СтуденттергеЖоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестациялау кезеңіндегі кешенді тестілеу (ЖОО МАКТ)

Жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестациялау кезеңіндегі кешенді тестілеу (ЖОО МАКТ)

ЖОО-ларды мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМББС) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан ЖОО-ларды мемлекеттік аттестаттауды ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жүзеге асырады.

Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

ЖОО-ларды мемлекеттік аттестаттау жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізіледі.

Білім алушылардың білім сапасын бағалау мемлекеттік аттестаттау кезеңінің бірі болып табылады. Білім алушылардың білім сапасының МЖМББС немесе типтік оқу бағдарламасының (ТОБ) талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттау комиссиясы бітіруші (олар болмаған жағдайда - жоғары) курстарда білім алушылардың білімін, дағдысын және іскерлігін бақылауды өткізеді. Бұл ретте кешенді тестілеу технологиясы қолданылады. Аттестаттау комиссиясының құрамына тестілеу мәселелері жөнінде ҰТО-ның өкілі қосылады.

Мамандықтардың оқу-әдістемелік секциялары мемлекеттік аттестаттау кезінде кешенді тестілеуге (МАКТ) арналған пәндер тізбесін ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. МАКТ МЖМББС немесе ТОБ-тың міндетті компоненті болып табылатын базалық және кәсіптендіру циклдеріне кіретін 4 пән бойынша өтеді.

Әр пән бойынша сұрақ саны - 30. Жалпы тест сұрақтарының саны - 120. Тестілеу уақыты - 180 минут (3 сағат).

МАКТ білімі бақылануға тиіс білім алушылар контингентінің тізімдік құрамының кемінде 95 %-ы  қатысқан жағдайда өткізіледі.

МАКТ кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай тәртіппен айқындалады:

«өте жақсы» - 90-100 %;

«жақсы» - 75-89 %;

«қанағаттанарлық» - 50-74 %;

«қанағаттанарлықсыз» - дұрыс жауаптар емтихан материалындағы сұрақтар санының 50 %-ынан аз.

«Аттестатталсын» деген шешім қабылдаудың критерийінің бірі: нақты мамандықтар бойынша білім алушылардың оңды бағаларының 70% болып табылады.


Нормативтік сілтемелер:

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасы



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ