8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОБ ОЖСБ өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2016 жылы өткізілген ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы ақпарат

2016 жылғы 5-19 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 сыныптардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауы (ОЖСБ) өткізілді.

4-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парағының көмегімен өткізілді.

4-сынып оқушылары ОЖСБ-ны екі пәннен: математика және әдебиеттік оқыту пәндерінен тапсырды. Әр пән 15 тест тапсырмасынан тұрады, жалпы саны – 30.

Тестілеуге жалпы 70 минут (1 сағат 10 минут) уақыт беріледі.

Әрбір тест тапсырмасы бір дұрыс жауабы бар төрт жауап нұсқасынан тұрады. Бір дұрыс жауабы бір баллмен бағаланады. Максималды балл саны – 30.

ОЖСБ бағалау жүйесіне республика бойынша 252 білім беру ұйымдары  іріктелініп, 14525 оқушы тестілеуден өтті, оның ішінде қазақ тілінде - 10709, орыс тілінде – 3816 оқушы.  

Республика бойынша 4-сыныптардағы ОЖСБ-ның орташа баллы – 18,59-ді құрады, қазақ тілінде - 18,42, ал орыс тілінде - 19,07.

9-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.

9-сынып оқушылары ОЖСБ-ны 2 пәннен тапсырды: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – оқытылатын пәндердің бірі.

Тестілеуге жалпы 130 минут (2 сағат 10 минут) берілді.

Қазақ тілі - бір дұрыс жауаптан тұратын 20 тест тапсырмасынан құралған. Оның ішінде оқу сауаттылығын бағалауға 1 мәтін берілген, мәтінмен жұмыс істеуге  5 тест тапсырмасы берілген. Әр тест тапсырмасына  ұсынылған 5 жауаптың бірін таңдау талап етіледі. Максималды балл саны – 20 балл.

Екінші пән - 40 тест тапсырмасынан тұрады, оның 25 тапсырмасы бір дұрыс жауаптан құралған, ал қалған 15 тест тапсырмасы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптан тұрады. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бір балл беріледі, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларының барлық жауабы дұрыс орындалса екі балл беріледі, егер екі дұрыс жауаптың бір жауабы дұрыс белгіленсе бір балл, ал екі немесе одан көп кеткен қателерге 0 балл беріледі. Екінші пән бойынша максималды балл – 55.

Республика бойынша 9-сыныптардағы ОБЖС-ға барлығы 527 мектеп қатысты, тестілеуге барлығы - 29859 оқушы қатысты, қазақ тілінде - 21865, орыс тілінде - 7994.

Республика бойынша орташа балл мүмкін болған 75 баллдан – 33,25 баллды құрады, оның ішінде қазақ тілінде – 32,82, орыс тілінде – 34,41.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ