8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлерге9-сыныптар үшін онлайн режимінде ОЖСБ өткізу

9-сыныптар үшін онлайн режимінде ОЖСБ өткізу

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) – білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады. Тестілеу екі пән бойынша өткізіледі.

ОЖСБ мақсаты:

-       бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингілеу;

-       негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингілеу және бағалау.

Тестілеуді оқу тілінде тапсырады.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.

9-сыныптардағы ОЖСБ 2 пән бойынша тапсырылады. Оның ішінде: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән - келесі пәндердің біреуі: алгебра, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, химия, физика, география, ағылшын тілі. Тест тапсырмасының жалпы саны – 60, тестілеуге жалпы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. 

Тестілеуді кез келген тест тапсырмасынан бастауға болады. Егер тест тапсырмасына жауап берілмесе немесе жауап берілген тест тапсырмасын түзету қажет болса, тестілеу аяқталмаған болса қайта сол тест тапсырмаларына оралуға болады.

9 сынып оқушыларға арналған тест тапсырмаларының құрылымы:

-       Қазақ тілі пәні 20 тест тапсырмасынан тұрады. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс. Сонымен қатар, 1 мәтін беріледі, әр мәтінге 5 тест тапсырмасы беріледі. Әр тапсырмада берілген бес жауап нұсқасының біреуін таңдау талап етіледі.

-       Басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы беріледі, олардың 25 тапсырмасы бір дұрыс жауаптан тұрады, 15 тест тапсырмасы бір немесе бірнеше дұрыс жауаптан тұрады.

Тест тапсырмаларын бағалау:

-       бір дұрыс жауабы тест тапсырмасы дұрыс толтырылса әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі;

-       бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалар дұрыс толтырылса, 2 балл беріледі. Ал бір жауабы дұрыс болып екінші жауабы қате толтырылса (1 дұрыс жауабы табылмаса немесе жауап дұрыс белгіленбесе) 1 балл, ал  қателері көп болса 0 балл беріледі.

Тестілеу кезінде рұқсат берілмейді:

1.       Рұқсатсыз аудиторидан шығуға;

2.       Орын ауыстыруға;

Анықтамалық әдебиеттер, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы байланыс телефондары мен т.б. коммуникация материалдарын қолдануға болмайды.
Тестілеуге мына сайт арқылы өтуге болады: voudso.testcenter.kz/



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ