8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеу (қайта) нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеПҚБТ өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2017 жылғы Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін өткізу қорытындысы туралы ақпарат

Бірінші (негізгі) тестілеу 2017 жылғы 14-17 қараша, қайта тестілеу 13-15 желтоқсан аралығында өткізілді. Республика бойынша тестілеу 5090 компьютердің қолдануымен 256 тест тапсыру орындарында өтті.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен компьютерлік тестілеу әдісі арқылы онлайн режимде жүргізілді.

Біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің саны 14056-ды құрады, оның ішінде қазақ тілінде – 10089 (71,78 %), орыс тілінде – 3967 (28,22 %) адам.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 13723, оның ішінде қазақ тілінде  – 9836, орыс тілінде – 3887 адам.

Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар «Пәндік білім негіздері» бойынша – кемінде 70% (18-25 балл), «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақстан Республикасының заңнамасын білу» пәндері бойынша – 50% (10-20 балл) болса, оң деп есептеледі.

Шектік деңгейден өткен педагог қызметкерлердің саны – 6167 адам. Шектік деңгейден 7556 педагог қызметкер өте алмады. 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ